Павлодардағы «Яблонька» бау-бақшасындағы жалын саяжайлар мен құрғақ шөпке өтіп, 6 гектар жерді қамтыған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, «Яблонька» бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 15:19-да түскен.
Өртті жою үшін шақыру орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 33 қызметкері мен 7 техника жіберілді. Шақыру орнына жеткенде, шамамен 6 гектар аумақтағы саяжай мен құрғақ шөптің өртенгені анықталды, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар өртті сөндіруге Павлодар орман шаруашылығының күштері мен құралдары (7 жұмысшы, 2 бірлік техника) қатысты.