Павлодарда қазандық жарылып, екі адам зардап шекті

21 Ақпан 2023, 09:12 1279

Жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.

ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, «Павлодар» ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған.

Жарылыс салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады.

Екі адам зардап шекті. Оның біреуі - компрессор-оператор болса, екіншісі - автогаз тасығыштың жүргізушісі.

Қоңырау 16:27-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем және апаттар медициналық орталығының бригадасы жіберілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз орталығы.

Дәрігерлердің айтуынша, денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.

Ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

EL.KZ
Бөлісу: