Павлодарда мектеп оқушысы оқыс оқиғаға тап болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Абай атындағы гимназияның 5-сынып оқушысының басына сабаққа дайындық кезінде мектеп шкафының сынған есігі құлап түсті. Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушы жарақат алмаған. Бала денсаулығына шағымданбаған.
Бала 2013 жылы туған. Баланың денсаулығына тексеру жүргізіліп, рентген түсірілді, – дейді станцияның баспасөз қызметі.
Мидың шайқалуы байқалмайды, оң жақтағы самай аймағының жұмсақ тіндерінің көгеруі байқалады. Бала амбулаториялық негізде босатылды.