Павлодарда мас күзетші 6-сынып оқушысын ұрған

20 Ақпан, 16:10 535

Павлодарда мас күзетші кәмелетке толмаған баланы ұрып, ол ауруханаға жүгінгенуге мәжбүр болған. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала мектептерінің бірінде кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру басталды.

19 ақпанда мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесінен ұрғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады, – деді департаментте. 

Сонымен қатар оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтырғышқа орналастырылды. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапқа тартылып, айыппұл салынды.   

Ал оқушыны кезекші травматолог қарап, оған кеуде қуысының көгеруі диагнозы қойылған. Оқушы амбулаториялық бақылауға үйге жіберілген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: