Павлодарда мас күйде трактор тізгіндеген азамат қамауға алынды

14 Қыркүйек 2023, 17:04 647

Павлодар облысында мас күйде трактор тізгіндеген азамат қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция дерегінше, Тереңкөл ауданының тәртіп сақшылары патрульдеу кезінде тракторды тоқтатқан. Тексеріс барысында, жүргізушіден алкоголь иісі шыққанын және оның іс-қимылдарынан оғаш көріністер байқаған.

Жүргізуші аудандық ауруханаға медициналық куәландыруға жеткізілді. Нәтижелері бойынша ауыл тұрғынында алкогольдік масаңдықтың “орташа дәрежесі” анықталды. Осы факті бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген әкімшілік іс қозғалды. Тексеру кезінде жүргізушінің жүргізуші куәлігі жоқ екендігі анықталды. Материал сотта қаралды. Сот қаулысымен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Марат Самаров.

Жыл басынан бері Павлодар полицейлері көлік құралдарын мас күйінде жүргізудің 850-ге жуық фактісінің жолын кесті.

Равиль Ашығали
Бөлісу: