Павлодарда курсанттар жаппай ауруханаға түсті

3 Желтоқсан 2023, 11:25 930

Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысындағы оқу мекемесінің курсанттары Сұлтанов атындағы облыстық ауруханасына түсті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 29 қарашада ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті орталығының курсанты – 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Тағы 10 курсант 1 желтоқсан күні кешқұрым түскен. Барлығынан анализ алынып, ем-дом тағайындалған.

Олар халықтың декреттелген тобына енуіне байланысты – казармада жататындықтан ауруханаға жатқызылды. Қазір барлығының жағдайы тұрақты, – деп мәлім етті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Науқастарға ауырлығы орташа дәрежедегі жұқпалы респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ), өткір ринофарингит деген диагноз қойылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: