Павлодарда кішкентай қызды зорлаған жігіт 20 жылға сотталды

14 Мамыр, 11:40 904

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған педофил сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және сотта зерттелген басқа да фактілермен дәлелденді. Алайда павлодарлық жігіт өзі кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.

Қылмыс ерекше ауыр қылмыстар санатына жатады және жазаны жеңілдететін мән-жайлар соттылығының болмауы, жасы ескеріліп, М. есімді азамат 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деп түсіндірді Павлодар облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: