Павлодар облысында кішкентай қыз кір жуатын машинаға кіріп, шыға алмай қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі бүлдіршіннің аман-есен құтқарылғанын айтты.
Сағат 11.14-те Тереңкөл ауылында баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері барып, арнайы құралдардың көмегімен баланы алып шықты. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Белгілі болғандай, баланың ата-анасымен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.