Павлодар қаласында гүл сататын дүңгіршектердің бірінде өрт шығып, жалпы көлемі 20 шаршы метрді шарпыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт кезінде ешкім зардап шекпеген. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Бүгін сағат таңғы уақытта Павлодар қаласында орналасқан гүл сататын дүңгіршектің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Белгілі болғандай, жеке тұрған нысанның шатырындағы ағаш құрастырмалары отқа оранған. Оқиға орнына жеке құрамның 5 қызметкері мен бір техника жіберілді. Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау 07.03-те толық сөндірілді. Оның жалпы аумағы 20 шаршы метр болғаны анықталды, - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Әзірге өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталу үстінде.