Павлодарда есірткіге мас жүргізуші жолаушыларды тасымалдаған

29 Шілде, 17:53 567

Павлодарда есірткіге мас автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдағаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сағат 09:15 шамасында облыс орталығында Қамзин көшесі, 35 мекенжайында маршрут бойынша келе жатқан автобус жүргізушісі тоқтатылған. Әңгімелесу кезінде полицей оның іс-қимылының оғаштығын байқады.

Сараптама нәтижелері бойынша автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде болды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылып, қарау үшін сотқа жіберілді. Автобус желіден алынды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Айта кетсек, осы жылдың өзінде Павлодар облысында мас күйде көлік тізгіндеген 787 жүргізуші жазаланды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: