Павлодарда мас ер адам 12 жастағы қызды ойын алаңында ұрған. Зардап шеккен қыздың әпкесі полицияға арызданды, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындардың бірі жазған. Бұл жазбаға қатысты облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.
Бұл дерек 26 сәуірде тіркелді. Оқиға орнына Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы келді, - деді ПД баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптаманы тағайындады. Аталған іске қатысты нақты нәтиже қабылданады.