Павлодарда екі жасар сәбиге анасы арақ беріп келген

27 Қараша 2023, 16:30 1867

Екі жарым жастағы сәби анасының зиянды сусынға әуестігінен зардап шегіп келген, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарда еріктілерге ішімдікке салынған ананың жас баласы бары туралы көршілерінен хабарлама келген. Тексеру барысында бала антисанитариялық жағдайда өмір сүріп келгені анықталды. Сонымен қатар, ол қазірдің өзінде маскүнемдікпен ауыратыны, сыра, арзан арақ ішіп ұйықтайтыны белгілі болды. Аталған жайтқа облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

Шешесі алкогольді ішімдіктерге әуес екені, қызын тәрбиелеумен айналыспайтыны, өмір сүруге қолайлы жағдай жасамайтыны анықталды. Анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік материал толтырды, - деп түсіндірді Павлодар облысы ПД өкілдері.

Қазіргі уақытта бала сәбилер үйіне өткізілген. Сондай-ақ отбасы есепке қойылып, жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілген.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: