Павлодарда екі жасар бала терезеден құлап кетті

13 Сәуір, 20:13 556

Павлодарда екі жасар бала 5-қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодарда 2 жасар бала әжесінің үйінде болған кезде 5-қабаттан құлап кетті. Қазір ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың хәлі ауыр, бірінші дәрежелі комаға түскен.

Бала жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуын, өкпе мен ішкі ағзалардың жарақатын алған. Қазіргі уақытта толық медициналық тексеру жүргізілуде. Бұл – жыл басынан бері облыста тіркелген алғашқы осындай жағдай.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: