Павлодарда дзюдодан республикалық турнир басталды

Бүгiн, 02:22 421

Павлодарда дзюдодан Қазақстан Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы XXVI ашық республикалық турнирі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған турнирде Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан 400-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтауда.

Дзюдо федерациясы бірінші жарыс күнінің нәтижесін жариялады.

- 48 кг
1.Альдана Хасенқызы (Маңғыстау облысы)
2.Тоғжан Дәулеткелді (Жетісу облысы)
3.Жанат Казез (Абай облысы)
3.Зарина Хуснадин (Алматы)

- 52 кг
1.Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы)
2.Іңкар Тулепбергенова (Жетісу облысы)
3.Гузаль Аюпова (Алматы)
3.Балнұр Әбдешова (Абай облысы)

- 57 кг
1.Ұлдана Усейн (Шымкент)
2.Шұғыла Аятқызы (Шымкент)
3.Алуа Қазықан (Ұлытау облысы)
3.Назерке Әбілтаева (Қызылорда облысы)

- 63 кг
1.Зарина Сарипова (Абай облысы)
2.Сезім Өтеулі (Жамбыл облысы)
3.Ділназ Досберген (Жамбыл облысы)
3.Ақтоты Зәріп (Қызылорда облысы)

- 60 кг
1.Дильшод Миртурсын (Шымкент)
2.Асылхан Зинуллин (БҚО)
3.Мағжан Жолдасбек (Қызылорда облысы)
3.Жансерік Нұрболұлы (РШИ)

- 66 кг
1.Мейірбек Байзақов (Алматы)
2.Ұлан Елеусізов (Астана)
3.Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО)
3.Нұрдәулет Смедиев (Қызылорда облысы)

- 73 кг
1.Бекасыл Бейсембаев (Абай облысы)
2.Аслан Лес (Шымкент)
3.Серікхан Оразаев (Абай облысы)
3.Қанат Сабит (Астана)

Асқар Таудай
Бөлісу: