Павлодарда бүйрегі ауыратын балаға 16,66 млн теңгеге дәрі алынды

3 Ақпан 2023, 20:11 1046

Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мәлім етті

Павлодар облысынан бүйректің ауыр сырқаты бар балаға «Элимаб» препараты сатып алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және орфандық аурулары бар науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағытындағы қайырымдылық көмекті жалғастыруда.

Осы жылдың қаңтар айында Қарағанды фармацевтикалық кешені «Қазақстан халқына» қорымен және Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасымен жасалған келісім-шарт аясында бүйрегі ауыр сырқаты бар 1 балаға «Элимаб» («Экулизумаб») дәрілік затын жеткізді.

Препараттың құны 16,66 млн теңге.

EL.KZ
Бөлісу: