Павлодарда биыл 38 жоба іске қосылады

11 Ақпан, 09:51 675

Павлодар облысында жергілікті мемлекеттік органдардың жауапты басшылары алдында басты міндеттерді аталып, жеке инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде туындайтын мәселелерді шешу жайы қаралды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірде 10 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеден астам 116 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Биылғы жылы импортты алмастыратын жаңа өнім түрлерін ашуға бағытталған 38 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Бүгін штаб 60 бастаманың іске асырылу барысын қарастырды, оның ішінде 40 жоба АӨК тиесілі, 20-сы - индустриялық-инновациялық даму саласында. Облыс әкімі олардың орындалу мерзімін қысқартуды және ауыл шаруашылығы бойынша жобаларды сұрыптауды тапсырды.

Әрбір басымдық берілген жоба бойынша инвесторлардың нақты міндеттерін шешу қажет. Барлық деңгейде олармен жұмыс бір жолға қойылу қажет және әрбір жоба толықтай сүйемелденуі тиіс, - деп талап етті облыс әкімі. Мемлекеттік органдардың басшыларын нәтижелер үшін жекелей жауапты болатынын ескертті.

Апта сайын жергілікті жердегі жағдайды қадағалап отырамын. Мемлекеттік органдардың біліксіз басшыларын лауазымдарынан босатуға дейін кадрлық шешімдер қабылданатын болады, - деді өңір басшысы.

Асайын Байханов Ақсудағы инвестициялық жобалар бойынша ағымдағы жағдайдан хабарсыз болғаны үшін қала әкімінің орынбасары Ренат Тлявкаевқа және АӨК саласындағы инвестициялық жобалардағы бақылаудың жоқтығы үшін ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а. Төлеген Көшербаевқа сөгіс жариялады.

Жансая Әділбек
Бөлісу: