Павлодарда бес қабатты үйдегі өрт кезінде 3 бала құтқарылды

Кеше, 23:12 222

Павлодарда бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында пәтерде өрт шықты. Оқиға Желтоқсан көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қатты түтін салдарынан баспалдақ маршымен 12 адам эвакуацияланып, 3 бала құтқару қалпақтары арқылы жану өнімдерімен уланудан құтқарылды. 

18  шаршы метр алаңды шарпыған өрт дер кезінде сөндірілді. Көміртегі тотығымен уланған бір ер адам ауруханаға жатқызылды.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: