Павлодарда балабақша бухгалтері 60 млн теңге бюджет қаражатын ұрлаған

26 Қыркүйек 2023, 14:45 767

Павлодар облысында балабақша бухгалтері ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті білім беру басқармасымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды аяқтады. Жүргізілген талдау шеңберінде білім басқармасы Аққулы ауданының білім бөлімінің «Қызғалдақ бөбекжай-бақшасында» бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

Қылмыстық істі тергеу барысында ұйым басшысы цифрлық кілтті бухгалтерге бергені анықталды. Балабақшадан 60 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрланды, – деді департаментте.

Аққулы аудандық сотының қаулысымен балабақша басшысы бухгалтерге ЭЦҚ бергені үшін 36 255 теңге мөлшерінде айыппұл төлейтін болады, яғни ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Аққулы ауданының білім бөлімі басшысының бұйрығымен ауданның білім бөлімінің бас бухгалтері бюджет қаражатын пайдалануды бақылауды әлсіреткені үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тергеу әлі де жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығаратын болады, – деп атап өтті департаментте. 

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті облыстық білім беру басқармасына бухгалтерлерге бірінші басшылардың ЭЦҚ беру тәжірибесін жою ұсынылды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: