Жол-көлік оқиғасы Павлодардағы Н.Назарбаев даңғылы бойындағы 34-үйдің ауласында болған. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қаңтарда МАЗ маркалы автокөліктің жүргізушісі бұрылған кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, дегенмен сол жерде есін жимастан көз жұмған.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде.