Павлодарда әскери тәртіп мәселелері жөнінде кеңес өтті

11 Тамыз, 17:01 377

Жұмыс сапары барысында ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері қолбасшыларының және өңірлік қолбасшылықтардың тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен жұмыс кеңес өткізіп, тәрбие жұмысы мен әскери тәртіпті ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеңесте биылғы жылдың 7 айындағы әскери бөлімдердегі әскери тәртіптің жай-күйіне қатысты мәселелер кешені қаралды, оған қоса Қарулы күштердің жеке құрамы қатарындағы моральдық-психологиялық ахуал туралы сөз болды.  

Әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев офицерлерді армия ортасында қаза табуды азайтуға бағытталған "Өміріңді сақта" ведомствоаралық бағдарламасының жобасын іске асырылып жатқанынан хабардар етті. 

Тәрбие жұмысы адамгершілік рухпен, жауынгерлік дайындық деңгейімен, жауынгерлік әзірлік пен әскеріміздің үйлесімділігімен байланысты болатын тәртіппен тығыз байланысты. Біз барлық ақпараттық-профилактикалық жұмыстарды маңызды идеологиялық және ғылыми-практикалық негізге қоюымыз керек, – деп атап өтті ол.

Қызметтік кеңестің қорытындысы бойынша Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Ең алдымен, ол кадрларды сапалы іріктеу және орналастыру,  ұйымдастыру, әсіресе шалғайдағы әскери бөлімдердегі  әскери қызметшілердің өмірін әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: