Павлодарда анасы небәрі 4 айлық нәрестесін ұрып, жазым ете жаздаған. Салдарынан кішкентай сәби ауруханадан бір-ақ шыққан,
"Астана" телеарнасының мәліметінше, тексеру барысында баланың миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алғаны белгілі болды. Дәрігерлер бұл жағдай туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары тергеу нәтижесінде сәбиді анасының ұрып-соққанын анықтады.
Қазіргі уақытта сәби жетімдер үйіне тапсырылды. Сондай-ақ, кәмелет жасына толмаған ағасы өңірдің балаларды қолдау орталығына жіберілді. Баланың анасы психологиялық ауытқуларына байланысты ауруханада ем қабылдап жатыр.
Баланың заңды өкіліне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы. Анаға қатысты сот отырысында оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралады. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы тұрақты, жақсы өсіп келеді, – деді Павлодар облысы бойынша балалар құқығын қорғау жөніндегі жедел уәкіл.