Павлодарда әлеуметтік осал топтағы жандардың құқықтары қорғалды

6 Қазан, 00:22 370

Павлодар қаласының прокуратурасы «инватакси» қызметтерін ұсыну кезіндегі өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, автокөліктерде тұтқалар мен мүгедектер арбасын бекітуге арналған құралдар болмаған. Сонымен қатар жеткізушінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі расталмаған.

Қадағалау актісі бойынша бұл кемшіліктер жойылды. Кінәлі тұлғалар жазаға тартылып, мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары қалпына келтірілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: