Павлодарда 88 жастағы қарияны тонаған жас қыз ұсталды

23 Мамыр, 16:33 1950

Павлодар облысының полицейлері 88 жастағы зейнеткерді тонап кеткен 21 жастағы қызды құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, тонау фактісі бойынша Павлодар қаласының полициясына 88 жастағы қария жүгінді.

Әженің түсіндіруінше, кешке жақын бейтаныс қыз есіктің қоңырауын басқан. Пәтерге кірген ол қонақ бөлмеге барып, зейнеткерді әңгімеге алаңдату арқылы серванттан әмиянның ішіндегі ақшаны ұрлап алып, қашып кеткен.

Павлодар қалалық ПБ ОПБ бастығы Жандос Орынбаев төрт күннен кейін қыздың үйге қайта келгенін айтады.

Жастықтың астынан, кереуеттің астынан ақша іздей бастаған, бірақ ештеңе таппай, Panasonic телефонын тоқтан суырып алып, пәтерден белгісіз бағытта жүгіріп шығып кеткен. Жәбірленуші ұлына қоңырау шалып, полиция қызметкерлерін шақырды, – деді ол.

Жедел уәкілдер қарт әйелді тонаған ұрыны тапты. Ол 21 жастағы павлодарлық қыз болып шықты.

Заттай дәлелдеме алынып, күдікті өз қажеттіліктеріне ақшаны жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қалалық ПБ УҚИ-ге қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Полиция азаматтарға қауіпсіздік шараларын еске салды.

Бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз, оларды пәтерлеріңізге кіргізбеңіз. Бейтаныс адамдар сіздің үйіңізге кіруге тырысатын және шамадан тыс табандылық танытатын барлық күдікті жағдайлар туралы полицияға хабарлаңыз. Егер сіз зейнеткерлермен бейтаныс адамдардың мұндай әңгімелерінің байқаусызда куәгері болсаңыз, сенгіш азаматтардың алдануына жол бермеңіз, бей-жай қарамаңыз, - деп жазылған хабарламада.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: