Павлодарда 34 жастағы әйел газдан уланып қалды

3 Қазан, 08:15 410

Павлодар ауданы Черноярка ауылында пешпен жылытылатын жер үйде бір отбасы улы газдан уланып қалды. Салдарынан 34 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД мәліметінше, марқұмның күйеуі 1984 жылғы ер адам ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды

Ерлі-зайыптылар көмір жағылатын пештің дұрыс істейтініне көз жеткізбеген сыңайлы. 1990 жылғы туған марқұм әйел екінші топ мүгедегі болған. Оларды иіс тиіп жатқан жерінен туыстары тауып алған, - делінген хабарламада.

Зарина Арман
Бөлісу: