Павлодар облысының ҚХА Қытай мен Монғолиядан көшіп келген қандастарды «Ерулік» жасап қарсы алды

26 Наурыз 2019, 05:11 5622

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерйамын павлодарлықтар биылғы жылы ерекше көңілмен қарсы алды. Орталық алаңда өткен мерекелік бағдарламаға облыстық ҚХА мүшелері молынан атсалысты. Павлодар облыстық ҚХА мүшелері Қытайдан және Монғолиядан көшіп келген қандастарымызды қазақ халқының жоралғыларының жарқын үлгісі «Ерулік» дәстүрімен қарсы алды.

Еруліктің тәрбиелік мәне өте терең. Жаңадан көшіп келген отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді.

«Бүгін біздер екі жанұяны қарсы алып отырмыз. Біреуі Монғолиядан, екіншісі Қытадан атажұртына қоныс аударды. Қадір-Қажет жанұясы Ленинский елді мекенінде, ал Мағжар жанұясы Мойылдыда қоныс тепті. Ал бүгін біз оларды бұрыннан келе жатқан игі дәстүр «Ерулік» жасап қарсы алып, дастархан жайып, ерекше қошемет білдіріп отырмыз, -деді облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Жетпісбаев.

Сонымен қатар, мереке барысында қала тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Бөлісу: