Жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Қызылорда – Павлодар автожолында болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегінен шығып кетіп, аударылып қалған.
Жол апатының салдарынан бір жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.