Павлодар облысында жер астына құлап кеткен автобус табылды

25 Шілде, 11:21 683

Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

24 шілдеде кешке жұмыстар барысында құтқарушылардың автобусы табылды. Жаңбыр мен желге және құлау қаупіне байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізіліп жатыр. Бүгін таңғы сағат 05:00-ден бастап іздеу жұмыстары қайта басталды, - деп түсіндірді әкімнің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін «Майқайыңалтындағы» үшінші құтқарушының денесі табылған болатын.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: