Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жолқұдық ауылында Центральная көшесі, 1 а мекенжайы бойынша қатты желден бір қабатты мәдени-демалыс орталығының шатыры жартылай бұзылған.
8 маусым күні желдің жылдамдығы 17 м/с дейін жетті. Салдарынан Ақсу қалалық әкімшілігінің қарамағындағы ғимараттың 150 шаршы метр алаңда шатыры ұшып кеткен, – дейді департаменттегілер.
Келтірілген шығын көлемі алдын ала тексеруден және бағалаудан кейін анықталады.