16 ақпан Ақсу қаласының полициясына Қалқаман кентінің мектебінде, санитарлық бөлмеде белгісіз біреудің бұрыш спрейін шашқаны туралы шақыру түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мектеп ғимаратынан 310 адам, оның ішінде 291 оқушы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Бейнебақылау камераларын тексеру нәтижесінде осы мектептің 9-сынып оқушысы анықталды.
Осы факт бойынша кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.