Павлодар облысында тұрғындардың шағымы ескерусіз қалмайды

18 Желтоқсан 2022, 11:35 1133

Бұл туралы облыс әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұздың жылу және сумен жабдықтау желілеріндегі жұмыстардың аяқталуы, сондай-ақ, зардап шеккен қала тұрғындарының пәтерлеріндегі жөндеу жұмыстарының барысы туралы есептерді тыңдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бригадаларға қарқынын бәсеңдетпеуді, сонымен бірге, сапаға да баса назар аударуды тапсырдым. Алғашқы толық қалпына келтірілген пәтерлерді өзім аралап өтіп, тұрғындардың жөндеу жұмыстарына қаншалықты риза екенін тексеретінімді ескерттім. Ешқандай ескертулер мен шағымдар болмауы керек - бұл менің жауапты тұлғаларға қойған талабым, - деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, Асайын Байханов қала билігі мен коммуналдық қызметтерге халықтың кез келген шағымдарына жедел ден қоюды, жылдам әрекет етуді, өтініштерді тыңдау, түсіндіру, түзету шараларын жасау керектігін ескертті. Қазіргі уақытта екібастұздықтардың пікірлері жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бағалаудың басты критерийі болып табылатынын айтты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Асайын Байхан (@asaiyn.baikhan)

EL.KZ
Бөлісу: