Павлодар облысында тауға шыққан туристі құтқарушылар төмен түсірді

18 Маусым, 04:33 269

Павлодар облысының құтқарушылары көмекке жүгінген туристі таудан аман түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиға өңірідң Баянауыл ауданында болған.

Жедел-құтқару жасағының күшімен биіктігі 600 метрге жуық таудан 1999 жылы туған ер адам құтқарылды. Ол күндіз тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмаған, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Кейін туристі тексеру барысында оған медициналық көмек кажет болмаған. 

Перизат Саденова
Бөлісу: