Павлодар облысында қараусыз жайылып жүрген мал иелеріне айыппұл салынды

30 Маусым 2023, 09:41 1038

Ертісте қараусыз жайылып жүрген малдың иелеріне айыппұл салынды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ертіс ауданының полиция бөлімі күнделікті негізде қараусыз мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту және малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Оқи отырыңыз:

27 маусымда Ертіс ауданы Кеңес ауылының маңындағы Ленинский – Русская – Поляна автожолында 20 бас жылқы және 30 бас ірі қара мал иесіз жайылып жүрді. Учаскелік полиция инспекторы мал иелерін анықтады. Ертіс ауылының 34 жастағы тұрғыны мен Кеңес ауылының 26 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мал иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.

Айта кету керек, өткен кезеңде тәртіп сақшылары 408-бап бойынша 53 әкімшілік хаттама толтырды, арнайы орынға 586 бас иесіз мал қамалды.

EL.KZ
Бөлісу: