Павлодар облысында оқушылар астан уланып қалды

15 Қыркүйек 2022, 01:22 1036

Павлодар облысының Шарбақты ауданында он шақты оқушы асханада уланып, төртеуі ауруханаға жатқызылған.

Бұл туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

Павлодар облысының Шарбақты ауданында он шақты оқушы асханада уланып, төртеуі ауруханаға жатқызылған.

"Балалар жүрек айну, құсу, іш ауруы және дене қызуының көтерілуі сынды шағымдарға сәйкес аудандық ауруханаға жатқызылды. Бес бала амбулаториялық емделуге жіберілді, төртеуі облыстық балалар ауруханасына жатқызылды",- делінген хабарламада.

Санэпидемиологтардың айтуынша, балалар мектепте уланған.

"Қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты адамдарға қатысты шаралар қабылданатын болады", - деді Павлодар облысының білім басқармасы.
Бөлісу: