Павлодар облысында мемлекеттік мекеме автобусты 70 млн теңгеге сатып алмақ болған

25 Тамыз 2023, 16:30 1036

Антикордың Павлодар облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталы арқылы тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізіледі. Осы жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері өңір бюджетінен 1,4 млрд теңге үнемделді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мысалы, «Баянауыл су арнасы» ШЖҚ МКК 30 млн теңгеден аса сомаға бір ауыр техника (трактор) сатып алуды жоспарлаған. Алайда бағаларды талдау кезінде жаңа тракторды 20 млн теңгеге сатып алуға болатындығы анықталды.

Басқа жағдайда, «Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театры» МКҚК автобусты 69 млн 870 мың теңгеге сатып алуды көздеген. Бірақ мұндай көліктің орташа бағасы 57 млн теңге болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген тапсырыс берушілердің атына ұсыным хаттар жолдады. Оларды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуға тиісті түзетулер енгізілді.

Мемлекеттік органдардың басшыларын мемлекеттік сатып алу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауға және бағаны көтеру фактілеріне жол бермеуге шақырамын. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу мониторингіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер де қосылады. Сондай-ақ кез келген адам мемлекеттік сатып алу сайтына мониторинг жүргізіп, осыған ұқсас фактілерді өз бетінше анықтай алатынына жұртшылықтың назарын аударғым келеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында біздің мамандар барлық ниет білдірушілерге мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша оқыту жүргізуге дайын», – деді Павлодар облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Медет Амралинов.

Равиль Ашығали
Бөлісу: