Павлодар облысында Корей мәдениетінің фестивалі өтті

3 Қазан 2019, 15:12 2506

Павлодар ауданындағы Кеменгер ауылында корей мәдениетінің фестивалі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасының 27 жылдығына және Жастар жылына арналды.


Бұл күні Павлодар облысы корей этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары өздерінің ең жарқын бағдарламасын – әндерін, билерін, мәдениетін көрермендер назарына ұсынды.


Концерт дәстүрлі корей халықының «Ариран» әнімен ашылды. Мерекелік бағдарлама барысында корей этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары: «Кымпитсори» вокалдық тобы, «Анен» хореографиялық ансамбілі, «Хэт пит» вокалдық тобы, «Dopе» кавер-тобы, «Flower Power» заманауи би тобы өнер көрсетті.


Бірнеше жылдан бері Қазақстанда К-рор музыкасының көптеген фестивальдері өткізіліп келеді. Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы корей орталығының жастар қанаты ұйымдастырған «К-рор star КZ» облыстық фестивалі 3-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді.


Міне, 29 жыл бойы Павлодар облыстық этномәдени бірлестігі Қазақстан халқының бірлігі мен нығаюына үлкен үлес қосып келеді, корей тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін жаңғырту бойынша белсенді жұмыс атқаруда.


Бөлісу: