Павлодар облысында екі агроөнеркәсіп кешені субсидияға бөлінген 132 млн теңгені жымқырған

18 Қазан, 11:50 453

Павлодар облысының прокуратурасы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау саласында тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңгені құрады.

Екі ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 млн теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: