Павлодар облысында далада тау болып үйіліп жатқан картоптың видеосы тарады

22 Сәуір, 16:09 52776

Әлеуметтік желіде Павлодар облысында тонналап шашылып жатқан картоптың видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Видео авторы мұқтаж жандарға таратып бермей, өнімді тастай салды деп әкімдікті кінәлап отыр.

Былтыр өңірде картоп рекордтық көрсеткіште жиналған.

Видеоға қатысты жауапты органдар әзірге пікір білдірген жоқ.

Ал оқырман қауым бұл жылда қайталанатын әрекет деп жазып жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: