Павлодар облысында 4 жасар қызды субұрқақта тоқ соқты

3 Маусым 2023, 23:00 1209

Оқиға Ақсу қаласында болған. Бала ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шақырту бүгін сағат 15:45-те келіп түскен.

- Жедел жәрдем Ақсудағы Астана көшесінде орналасқан субұрқаққа 3 минутта жетті, - делінген хабарламада.

2019 жылы дүниеге келген қыз жарақат алған. Дәрігерлер баланың миы шайқалуы мүмкін екенін айтады.

Тоқ соққан қыз қалалық ауруханаға жеткізілді.

EL.KZ
Бөлісу: