Павлодар облыстық этномәдени бірлестіктері «Ұлы Дала» фестиваліне қатысты

8 Тамыз 2018, 06:24 2009

Өткен демалыс күні Ертіс жағасында «Ұлы Дала» мерекесінің соңғы күні өтті. Оған өңірдегі Қазақстан халқы ассамблеясы белсенді қатысты. Мыңдаған адам Ленин кентінің жанында бой көтерген ерекше этноауылда жиналды. Бұрынғы заманда бұл жерде үш жүз өкілдері кездесіп, халықтың тағдырындағы маңызды шешімдер қабылданды. Мереке ұйымдастырушылары дәл сол кездегі жай-күйді жандандыруға тырысты.

Көрермендер театрландырылған көріністерді, ақындар бәйгесін, салт-дәстүрлер мен сайыстарды тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Фестивальдің соңғы, яғни үшінші күні 160 жылдық тарихы бар Қоянды жәрмеңкесіне арналған қызықты театрландырылған қойылымнан басталды.  Арнайы бой көтерген орталық сахнада өткен концерттік бағдарламаға «Жігіттер» тобы, Ә. Кәрімов, Е. Айдар, А. Иманбаева және т.б. қатысты.

Спорт алаңында қазақ күресі, көкпар мен тас көтеруден сайыстар өтті. Тас көтеру сайысында павлодарлық балуан салмағы 220 кг-ды құрайтын тасты көтерді.

Этнофестиваль келушілері көшпенділердің өмірі мен тұрмысын көріп, қазақтардың салт-дәстүрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

«Ұлы Дала» этнофестиваліне Павлодар облысы әкімі аппаратының «Коғамдық келісім» ҚММ-нің және облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары жиналған қауым назарына жарқын концерттік бағдарламасын және әртүрлі ұлттың ұлттық тағамдарын ұсынды.

 

 

Бөлісу: