Үкімет басшысы Олжас Бектенов еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі күшеюі мүмкін екенін айтып, барлық қызметтер шұғыл қимылдап, үйлесімді әрекет ету қажеттігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр өрт сөндіру кезінде шұғыл әрекет етіп, тиісті күштерді жұмылдыру үшін жаңадан мемлекеттік органдардың іс-қимылы алгортиімі әзірленгенін, алайда «биыл Павлодар және Абай облыстарында болған табиғи өрт бұл алгортимнің орындалмай отырғанын көрсетті» дейді.
Мысалы, Абай облысында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне өрттің шыққаны туралы тез арада хабар бермеген. Павлодар облысында да дәл осындай жағдай болды. Экология және төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктеріне осы екі өңірдегі өрттің шығу себептерін тексеріп, тиісті шаралар қабылдауды және кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тартуды тапсырамын, – деді
Олжас Бектенов.