Павлодар мемлекеттік университетінде «Чех бұрышы» ашылды

13 Қыркүйек 2018, 04:15 2007

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Чех бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Шараға Палац университеті жаратылыстану ғылымдары факультетінің халықаралық мобильділік жөніндегі координаторы (Чех Республикасы, Оломоуц қ.) Дана Гронычова және профессор, жаратылыстану факультетінің РhD докторы Боривой Шарапатка қатысты.

Шетел меймандарын құттықтау сөзбен қарсы алған С. Торайғыров атындағы ПМУ даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д Арман Ақышев Палац университетімен серіктестік 2013 жылы басталғанын тілге тиек етті. Әсіресе, педагогикалық, жаратылыстану және құқықтану факультеттері арасындағы байланыс өте тығыз екендігін тілге тиек етті.  

«Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың арқасында біз білім беру жүйесін интернациаландыру стратегиялық тапсырмасын орындаймыз. Академиялық мобильділік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Палац университетінде 20-дан астам студентіміз білім алды. Ал төрт білім алушымыз ғылыми тағылымдамадан өтті», - деді Арман Ақышев.

Енді ашылған «чех бұрышы» негізінде тұрақты түрде қызығушылық танытқандарға Чехияда білім алу және Палац университеті туралы ақпараттар ұсынылатын болады.  

Сонымен қатар, кездесу аясында ғалымдар Агротехникалық факультетінің студенттеріне дәріс оқыды.

Айта кетейік, 2016 жылдан бері екі уинверситеттің арасында «Эразмус+» атты бірлескен бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында Палац университетінің 10 оқытушысы Павлодар мемлекеттік университетінде дәріс оқыды. Ал ПМУ ғалымдары чехиялық студенттермен кездесті.

 

 

 

Бөлісу: