Павел Дуров жылына 130 теңге табатынын айтты

26 Қыркүйек, 10:49 822

Павел Дуров Париждегі сот алдында жауап бере отырып, жылына небәрі 1 дирхам, яғни шамамен 130 теңге ғана табатынын айтқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Le Monde басылымының мәліметінше, бұл сан тергеушілерді таңғалдырған.

Париж прокуратурасы бастапқыда Дуровқа 20 миллион еуро көлемінде кепілақы тағайындауды талап еткен, алайда судья бұл соманы 5 миллион еуроға дейін төмендетті.

Газет 2014 жылы Дуров «ВКонтакте» желісіндегі өз бөлігін сату арқылы 300 миллион еуро тапқанын, ал оған тиесілі Telegram мессенджерін инвестициялық қорлар 30 миллиард долларға бағалайтынын алға тартты.

Дереккөздер Дуровтың табысы 9 миллиард доллар мен 15,5 миллиард доллар аралығында екенін жазған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: