Павел Дуров Қазақстанның сұлулығына тамсанды

15 Шілде, 11:19 711

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға сапарынан соң еліміздің сұлулығына тамсанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дуров Астананың ұлылығына, Алматының тынымсыз қозғалысына, табиғаты көрікті Бурабай мен Шарын каньонына барып, Қазақстанның сұлулығын елдің амбициясымен ғана салыстыруға болатынын айтты.

Қазақстан халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарға бизнес үшін қолайлы саясат және жеңілдетілген салықтары арқылы тартымды. Сондай-ақ ел инновациялық мектептер мен университеттерді қолдау арқылы білім мен ғылым саласындағы өз ұстанымын нығайтуда, — деп жазды Дуров өзінің парақшасында.

Оның сөзінше, бүгінде 20 миллион қазақстандықтың 12,5 миллионы Telegram-ды қолданса, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 25% артық.

Біз Қазақстан халқы үшін негізгі коммуникациялық платформа болып табылатынымызды мақтан тұтамыз және оның қарқынды экономикалық және цифрлық трансформациясын жеделдететін құрал болып қала береміз деп үміттенеміз, — деп қосты ол.

Маусым айында Дуров Орталық Азияның үш елінде болды. Оның алдымен Қырғызстанның Ыстықкөлінде жүргенін байқаған, сонан соң Ташкентке барып, кейіннен Астанаға ат басын бұрды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: