Астанада төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары кішігірім экстремалдық операция жүргізді. Олар альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен көпқабатты үйдің сыртқы қабырғасы бойымен төмен түсіп, пәтерде жалғыз қалған баланы құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Сарыарқа ауданындағы М.Әуезов көшесінде орналасқан үйлердің бірінде болған. 2019 жылы туған бала үйде жалғыз қалып қойған және есікті аша алмаған. Шарасыз қалған ата-аналар дереу құтқару қызметіне хабарласқан.
Құтқарушылар пәтерге кіре алмай, альпинистік әдісті қолдануға мәжбүр болды. Олар бесінші қабаттың терезесінен арқанмен түсіп, екінші қабаттағы баланың пәтеріне кірді. Баланы дін аман ата-анасына табыстады, – делінген ТЖМ мәлімдемесінде.
Ведомство ата-аналарға кішкентай балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Кейде бірнеше минуттың өзі күтпеген жағдайға алып келуі мүмкін.