Паспорт керек емес пе? Қазақстандықтарға Өзбекстанға бару жеңілдеуі мүмкін

20 Қараша, 17:34 518

Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан жеке куәлікпен өтуге рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстан Қазақстан мен Тәжікстан шекараларынан ID картамен өту тәртібін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Олий Мажлистің Заң шығару палатасында Президент Шавкат Мирзиёев мәлімдеді.

Көрші ел басшысы Орталық Азиядағы тату көршілік қатынастарды нығайтуға, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса назар аударылатынын айтты. 2025 жылы Өзбекстан «Орталық Азия бестігінің» (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан) кездесуін өткізеді. Бұл өзара байланысты нығайтудағы маңызды қадам болмақ.

Одан бөлек Ш.Мирзиёев 1 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтары Қырғызстан шекарасынан паспорт орнына ID-карта арқылы өте алатынын еске салды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: