Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

19 Қаңтар, 10:19 1074

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Отырысқа Сенаттың 50 депутатының 47 депутаты қатысып отыр. Мәжілістің 98 депутатының 90 депутаты қатысып отыр.

Жұмысымызды бастау үшін қажетті форум бар. Парламент палаталарын ашық деп жариялаймын. Палаталардың бірлескен отырысына ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі, ҚР Президентінің көмекшісі, Үкімет мүшелері, Президент әкімшілігінің, Үкімет аппаратының, Парламент палаталарының жауапты қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысып отыр, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысы» қаралады.

Күн тәртібін Сенаттан жақтағандар 46 депутат, 1 депутат дауыс бермеді. Мәжілістен қатысып отырған 90 депутаттан 90 депутаты жақтады.

Конституциямыздың 53 бабының 5 тармақшасына сәйкес Президенттің ұсынысы бойынша Парламент палаталарының бірлескен отырысында халықаралық міндеттемелерді орындау үшін республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды, - деді Қошанов.

Миражан Махан
Бөлісу: