Парламент Мәжілісіне 98 депутат сайланады

20 Қаңтар 2023, 11:38 2491

Бұл туралы ОСК отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Заңға сәйкес Мәжілісте 98 депутат болатындығын атап өтті.

«Олардың сайлау жүйесі аралас сайлау қағидасы бойынша жүргізіледі. Жалпы сайлау округтері және бір мандаттық бойынша өтеді. Осыған сәйкес 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша тағайындалады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Парламент Мәжілісіне қойылатын талаптарды атап өтті.

«ҚР азаматы, соңғы 10 жылда ҚР аумағында тұруы, кем дегенде 25 жаста, сот іс-әрекетіне қабілетсіз деп таныған болу қажет. Барлығы 223 мәслихат, 3415 мандат, оның ішінде облыстық 20 мәслихат, 668 мандат, қалалық 37 мәслихат, 617 мандат, аудандық 166 мәслихат, 2130 мандат. Сайлауалды үгіттің басталуы 18 ақпан, сайлау алдындағы үгіттің ақталуы 18 наурыз болып белгіленді» , - деді ол.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: