28 тамызда XVII жазғы Паралимипиада ойындарының шымылдығы ашылады. Бұл Қазақстан құрамасының 1996 жылдан бері санағанда 8-ші жарысы, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
28 тамыз
Бәсі биік бәйгенің алғашқы күнінде жерлесіміз Милана Кравцева пара таэквондодан 52 келіде бағын сынайды. Кездесудің іріктеу кезеңі Астана уақытымен түскі сағат 13:20-ға жоспарланған. Ал, волейболды отырып ойдаудан Қазақстан құрамасы сағат 23:00-де жарыс иелерімен кездеседі.
30 тамыз
Пара таэквондо – Камила Досмалова 57 кг, іріктеу кезеңі сағат 12:39
Пара жеңіл атлетика – Салтанат Абылхасымқызы 100м, іріктеу кезеңі сағат 13:30
31 тамыз
Отырып волейбол ойнау – Босния-Қазақстан,
Пара таэквондо – Нұрлан Домбаев, 80 кг іріктеу кезеңі сағат 13:00
Нышан Өмірәлі, +80 кг, іріктеу кезеңі сағат 21:26
Пара оқ ату – Еркін Ғаббасов, іріктеу кезеңі R1 деңгейі, сағат 12:30
Севда Алиева, іріктеу кезеңі Р2 деңгейі, сағат 17:45
Пара жеңіл атлетика – Гүлбахыт Қайыржанова, копье, финал
1-қыркүйек
Пара оқ ату – Еркін Ғаббасов, R3 деңгей, іріктеу кезеңі сағат 12:30
Пара жүзу – Зульфия Габидуллина, 150м кешенд, іріктеу кезеңі сағат 13:57
Пара үстел теннисі – Әли Макқұлбеков, 8 класс, 1/32 финал сағат 22:15
2 қыркүйек
Отырып волейбол ойнау – Египет-Қазақстан, сағат 15:00
Пара үстел теннисі - Әли Макқұлбеков, 8 класс, 1/16 финал сағат 22:15 (өтсе)
3 қыркүйек
Пара жүзу – Нұрдәулет Жұмағали, 200м кешенді жүзу, іріктеу кезеңі сағат 14:11
Сиязбек Далиев, 50м шалқалап жүзу, іріктеу кезеңі сағат 13:18
4 қыркүйек
Пара пауэрлифтинг – Тұрсынай Қабыл, 45кг, сағат 20:00
Пара жеңіл атлетика – Дастан Мукашбеков, ядро, финал сағат 00:10
Пара жүзу – Зульфия Габидуллина, 50м брасс, іріктеу кезеңі сағат 13:52
Пара үстел теннисі - Әли Макқұлбеков, 8 класс, 1/4 финал сағат 21:00 (өтсе)
5 қыркүйек
Пара жеңіл атлетика – Еламан Жоламан, ядро, финал, сағат 00:10
Пара дзюдо – Ақмарал Науатбек (әйелдер) 48 кг, іріктеу кезеңі сағат 14:06
Альфия Тілекқабыл (әйелдер) 57 кг, іріктеу кезеңі сағат 20:21
Пара пауэрлифтинг – Станислва Шакиев, 59 кг, сағат 16:35
Пара жүзу – Нұрдәулет Жұмағали, 100м брасс, іріктеу кезеңі сағат 13:49
Амир Мұратбеков, 100м брасс, іріктеу кезеңі сағат 21:01
6 қыркүйек
Пара жүзу – Сиязбек Далиев, 50м баттерфляй, іріктеу кезеңі сағат 13:02
Зульфия Габидуллина, 50м еркін жүзу, іріктеу кезеңі сағат 14:17
Пара дзюдо – Даяна Федосова, 57 кг, іріктеу кезеңі сағат 13:30
Аяла Мереке, 70 кг, іріктеу кезеңі сағат 14:00
Ерғали Шамей (ерлер) 73 кг, іріктеу кезеңі сағат 19:38
Пара каноэ – Бейбарыс Спатай (ерлер), 200м, іріктеу кезеңі сағат 13:10
Жаңыл Балтабаева (әйелдер), 200м, іріктеу кезеңі сағат 13:30
Пара үстел теннисі - Әли Макқұлбеков, 8 класс, 1/2 финал сағат 14:00 (өтсе)
7 қыркүйек
Пара пауэрлифтинг – Раушан Қойшибаев, 73кг, сағат 15:00
Рахметжан Хамаев, 88кг, сағат 16:35
Пара дзюдо – Зарина Райфова (әйелдер), +73 кг, іріктеу кезеңі сағат 12:42
Ғалымжан Смағұлұлы (ерлер), 90 кг, іріктеу кезеңі сағат 12:30
Бауыржан Арыстанбекоы (ерлер), 90кг, кіріктеу кезеңі сағат 12:30
Журкамурза Шукурбеков (ерлер), +90кг, іріктеу кезеңі сағат 12:54
Ерлан Утепов (ерлер), +90кг, іріктеу кезеңі сағат 12:54
Пара каноэ - Бейбарыс Спатай (ерлер), 200м, жартылай финал сағат 13:14 (өтсе)
Жаңыл Балтабаева (әйелдер), 200м, жартылай финал сағат 13:54 (өтсе)
Пара үстел теннисі - Әли Макқұлбеков, 8 класс, финал сағат 16:00 (өтсе)
8 қыркүйек
XVII жазғы Паралимипиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі
Бұл жолғы жарыстағы ең егде жастағы қатысушы – Зульфия Габидуллина. 59 жастағы спортшы пара жүзуден ел намысын қорғайды. Ал Ұлттық құрамадағы ең жас қатысушы – пара дзюдошы Альфия Тілекқабыл.
Естеріңізге салып өтейік Қазақстан пара спортшылары бұған дейін Паралимпиада ойындарында 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды олжалаған болатын.