Париждегі Гран-приге қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

10 Қаңтар, 10:52 1878

Парижде (Франция) ақпан айында дзюдодан Гран-при сериясының ірі халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Франция астанасында өнер көрсететін дзюдошылардың есімдерін атады. Балуандар қатарында 60 келі салмақта Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев, 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев, Есен Қуанов, 73 келіге дейін салмақта Асқар Нарқұлов, Данияр Шамшаев, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, 90 келі салмақта Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, 100 келіде Нұрлыхан Шархан, Бекзат Шағатаев, 100 келіден жоғары салмақта Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев бар.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: