Парижде қырғыз боксшысына секундант болған өзбек бапкерінің қуанған сәті видеоға түсіп қалды

9 Тамыз, 13:41 7489

Қырғызстан тарихында бокстан тұңғыш рет Олимпиада финалына шыққан Мұнарбек Сейітбекұлына Парижде өзбекстандық бапкердің секундант болып жүргені көп талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

28 жастағы Мұнарбек Франция астанасындағы аламанға жеке бакпкері Беганас Сұлтанбаевсыз барған. Бокс маманы виза мәселесінің шешілмеуіне байланысты шәкіртінің жекпе-жегін үйдегі теледидардан қарауға мәжбүр. Жаттықтырушы бұған елдің Ұлттық олимпиада комитетін айыптады. Дегенмен қырғыз былғары қолғап шебері жалғыз қалған жоқ. Оған жартылай финалдық және финалдық кездесулерде өзбекстандық бапкер Акмаль Хасанов секундант болды. Қырғызстандықтар өзбек маманына алғыс білдіріп, Хасанов Орталық Азия елдерінің өзара татулығын паш етті деп отыр.

Мұнарбек 11 тамызда өтетін финалда өзбекстандық Абдумалик Халоковпен жұдырықтасады. Сондықтан қырғыз боксшысына енді кім секундант болады деген сұрақ туындайды. Бәлкім, қазақ бапкерлері көмектесе ме екен...

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от beksports (@beksports.kz)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: